13 там, 2021 сағат 13:15

Демалыс күндері ауа райы қандай болады



Қазгидромет 14-16 тамызда республикада ауа райы қандай болатынын хабарлады.

Синоптиктер болжамына сәйкес, еліміздің оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс өңірлерінде температура төмендейді.

Оңтүстікте ауа температурасы күндіз +22...+30°C, оңтүстік-шығыста +17...+25°C, шығыста +15...+25°C дейін төмендейді.

Солтүстік аймақтар аздап жылиды. Солтүстікте температура +23...+28°C дейін көтеріледі.

Қазақстанның батысында ауа райы жылы болады, елдің бұл бөлігінде жауын-шашын жаумайды, +32...+40°C жылы болады.

Мегаполистердегі ауа райы

Алматыда 14-16 тамызда көшпелі бұлт шығады, найзағай ойнап, жаңбыр жауады. 14 тамызда күндіз ауа температурасы +23°C, түнде +16°C. 15 тамызда +21°C, түнде +15°C. 16 тамызда +19°C, түнде +14°C.

Нұр-Сұлтанда 14 күн алабұлтты, күндіз +20°C, түнде +10°C болады. 15 тамызда бұлтты, күндіз +21°C, түнде +12°C. 16 тамызда күн алабұлтты, аздаған жаңбыр болады. Күндіз +24°C, түнде +14°C.

Шымкентте алдағы үш күнде күн ашық болады. Ауа температурасы күндіз +29...+30°C, түнде +18...+19°C болады.