15 қаң, 2021 сағат 10:15

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«16-17 қаңтарда республиканың батысы мен солтүстігінде Жерорта теңізі циклонының ықпалымен ауа райы тұрақсыз болады – кей жерлерде жауын-шашын болады. Батыста қар мен жаңбыр түрінде, солтүстікте - қар, сондай-ақ кей жерлерде жаяу бұрқасынмен желдің күшеюі және ауа температурасының жоғарылауы күтіледі. Батыста кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі», - делінген хабарламада.