25 қыр, 2020 сағат 10:03

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 26-28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Алдағы күндері Қазақстанның ауа райына солтүстік-батыс антициклоны ықпал етеді. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын тоқтайды. Тек еліміздің солтүстік-шығыс бөлігі циклонның ықпалында болады, осыған байланысты кей жерлерде жауын-шашын, көбінесе жаңбыр жауады. Тұман түсіп, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл күтіледі», - делінген хабарламада.