14 ақп, 2020 сағат 10:40

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» РМК 15-16 ақпан күндергі ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстік бөлігінде күн бұлтты, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде. Мұндай ауа райы Орталық Азиядан ығысатын циклонмен байланысты болады. Ал республиканың солтүстік жартысында қар, бұрқасын болады. Ал оңтүстік-батыстан соған екпінді жел Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық фронттарды тудыратын болады. Жексенбі күні ауа температурасы аздап төмендей бастайды», - делінген таратылған мәліметте.