27 жел, 2019 сағат 17:53

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

28-30 желтоқсан аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ай ғана емес, жыл да аяқталып келеді. 2019 жылдың соңғы демалыс күндерінде көптеген облыстарда кезекті циклонның әсерінен жауын-шашын болады. Солтүстік аймақтарда қар жауып, бұрқасын көтеріледі, оңтүстікте – жылбысқы қар жауады, тұман және көктайғақ болады. Алайда дүйсенбі күні ауа температурасы төмендейді, бірақ орташа климаттық нормадан жоғары болып қала береді» делінген хабарламада.

Бұрқасын мен тұман жолдағы көріну қашықтығын 50…500 метрге дейін нашарлатып қана қоймай, автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге көктайғақ қиындық тудырады.

«Сондықтан жолда абай болыңыздар» деп ескертеді синоптиктер.