Демалыс күндері Қазақстанның көптеген облыстарында қар жауып, бұрқасын болады, республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында жауын-шашын, жаңбыр, жаңбыр аралас қар түсіп, дүйсенбі күні кей жерлерде боран болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, ауа райының салқындауы Қазақстанға Батыс Сібірден жылжып келе жатқан салқын ағындарға байланысты. Олар өзімен бірге арктикалық ылғалды ауаны әкеліп, республиканың барлық дерлік аумағында күн салқындауына себеп болады.
Бұл күндері ауаның температурасы климаттық нормадан 2...5 градус, ал орталық және шығыс облыстарда - 5...10 градус төмен болады.