25 мау, 2021 сағат 12:35

Демалыс күндері 32-37 градусқа дейін ыстық болады


Қазгидромет 26-28 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атмосфералық ауа ағындардың әсерінен елдің біршама аудандарында найзағай жарқылдайды. Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Республиканың шығыс және оңтүстік бөлігінде жел күшейіп, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл тұрады. Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады: күндіз солтүстікте 20-32 градусқа дейін, орталықта 20-37 градусқа дейін, ал шығыста 15-28 градус ыстық болады», - делінген хабарламада.