08 мам, 2021 сағат 15:18

ДДҰ коронавирусқа қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасын пайдалануға рұқсат берді


Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүгін COVID-19-ға қарсы Sinopharm қытай фармацевтикалық компаниясы өндірген вакцинаны жедел пайдалануға рұқсат берді, деп хабарлайды Синьхуа агенттігі.

«Бүгін күндіз ДДҰ жедел пайдалануға болатын препараттар қатарына COVID-19-ға қарсы Sinopharm компаниясының вакцинасын қосты. Ол – ДДҰ қауіпсіздігі, тиімділігі мен сапасын мақұлдаған алтыншы вакцина», - деп мәлімдеді баспасөз конференциясында ДДҰ бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус. 

«Бұл COVAX механизмі портфеліндегі вакцина тізімін кеңейтеді және елдерге ұлттық реттегіштердің вакцинаны жедел мақұлдауына сенімділік береді», - деді ол.