Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы электронды темекінің таралымын шектеуге шақырды. Бұл туралы сейсенбіде жарияланған ДДҰ сегізінші баяндамасында айтылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Электрондық темекіні балалар мен жасөспірімдерге темекі және онымен байланысты салалардың өндірушілері сатады. Бұл жолда олар мыңдаған тартымды хош иістерді қолданады.
Ұйым, атап айтқанда үкіметтерді темекіге қарсы тиісті саясатты қабылдауға, қоғамды электронды темекінің зияндылығынан қорғау және олардың балаларға, жасөспірімдерге және басқа да осал топтарға таралуына жол бермеуге шақырды.
ДДСҰ-ның бағалауы бойынша, темекі шегетіндердің жалпы саны - 1 млрд. Олардың шамамен 80%-ы экономикасы төмен және орташа елдерде тұрады. Темекі жылына 8 миллион адамның өліміне себеп болады.