Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2022 жылы әлемдегі ересек тұрғындардың көбін коронавирусқа қарсы вакциналау үшін 35-тен 45 миллиард долларға дейін қаражат керек екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ұйым сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус мәлімдеді. Ол биыл халықаралық серіктестікті 19 миллиард долларға қаржыландыру қажет екенін еске салды. Бұл қаражат коронавирусқа қарсы препараттар мен ACT-Accelerator диагностикалық құралдарына жұмсалады.
"Есептеулер бойынша, келесі жылы әлемдегі ересек адамдардың көп бөлігін вакциналау үшін бізге тағы 35-45 миллиард доллар қажет болады", - деді Гебрейесус.