Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) сарапшылар тобы Ухань вирусология институтының зертханасында барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
ДДСҰ делегация тобының жетекшісі, зоонозды инфекциялар және азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі сарапшы Питер Бен Эмбарек «Хуанцю Шибао» басылымына сәрсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары Ухань вирусология институты мен Р4 зертханасына барғаны туралы ақпаратты растады.
Бұған дейін қытайлық БАҚ-қа берген сұхбатында Питер Бен Эмбарек оның командасы COVID-19 пандемиясы кезінде әлемге танымал болған қытайлық вирусолог Ши Чжэнлимен кездесуді жоспарлағанын айтқан болатын.
Еске сала кетейік, ДДСҰ сарапшылары 14 қаңтарда COVID-19 вирусының шығу себептерін зерттеу үшін Уханьға келген еді.
Cарапшылар тобы 28 қаңтарда Уханьда (Хубэй провинциясы) жұмысын бастады. Өйткені Қытайға шетелден келгендердің барлығы міндетті түрде екі апталық карантинде болуы керек.
ДДСҰ сарапшыларының Ухань вирусология институтына сапарының нәтижелері туралы әзірге мәлімет жоқ.