Әлем елдері қазіргі коронавирус пандемиясынан сабақ алып, жаңа індеттер мен пандемияға дайындалуы керек. Бұл туралы дүйсенбіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) бас директоры Тедрос Адан Гебрейесус мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
«Біз бәріміз пандемия үйрететін сабақтарды үйренуіміз керек», - деді. ДДСҰ басшысы атап өткендей, «жаңа эпидемиялар мен пандемияларға дайындық, олардың алдын алу, анықтау және оларға жедел әрекет ету үшін денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамту және алғашқы медициналық көмек негізінде барлық мүмкіндікті жасау керек», -деді Тедрос Адан Гебрейесус Шағын арал мемлекеттерінің денсаулық сақтау саммитіне қатысушыларға телебайланыс арқылы сөйлеген сөзінде.
COVID-19 пандемиясы туралы айта отырып, Гебрейесус «вакциналық теңсіздік пен вакциналық ұлтшылдыққа» назар аударды, бұл «табысы жоғары және төмен елдер арасындағы алшақтықты» арттырды. Оның айтуынша, коронавирусқа қарсы барлық екпенің 77%-ы қазір әлемнің 10 мемлекетіне тиесілі
«Егер елдер вакциналарды дереу COVAX механизмімен бөліссе және өндірушілер COVAX тапсырыстарына басымдық берсе, онда біз қыркүйекке қарай әр елхалқының кем дегенде 10%-ын және жылдың соңына дейін кем дегенде 40%-ын вакциналай аламыз», - деді бас директор. Ол қыркүйекке дейін «вакцинаның қосымша 250 миллион дозасын» іздеу керек екенін еске салды.
ДДСҰ COVAX механизміне үлкен мән береді. Бағдарлама шарттарына сәйкес, табысы жоғары елдер жан басына шаққандағы табысы төмен мемлекеттер үшін вакциналарды сатып алуға төлем жасайды. Механизм аясында 2021 жылдың соңына қарай бүкіл әлемде коронавирусқа қарсы вакциналардың 2 миллиард дозасы өндіріліп, біркелкі таратылуы керек деп жоспарлануда.