ESPN Deportes тілшісі DAZN стриминг желісінің 2020 жылдың күзіне арналған жоспарын анықтады. Бұл туралы Sports.kz сайты хабарлады.
Платформаның жұмыс кестесінде Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) польшалық міндетті қарсылас Камил Шереметаға (21-0, 5 КО) қарсы жекпе-жегі бар. DAZN кездесуді қарашада өткіземіз деп үміттеніп отыр.
Головкин-Шеремета айқасы өтетін күн бірнеше рет ауысқан, әуелде жекпе-жек ақпанда болады деп жоспарланды, кейін наурыз, маусым және қазанда өтуі мүмкін деп болжанған. GGG поляк боксшысымен айқаста орта салмақтағы IBF әлем чемпионы титулын қорғайды. Боксшы Калифорния штатындағы Биг Беарда дайындалып жатса, Шеремета өз отанында жаттығуын жалғастырып жүр.