Matchroom Boxing промоутері және DAZN платформасының басшысы Эдди Хирн Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) мен Сауль Альварес (53-1-2, 36 КО) жекпе-жегін таяу болашақта қалай көретінін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.
Хирннің ойынша, Головкин тамызда IBF титулына міндетті үміткер поляк Камил Шереметпен (21-0, 5 КО), ал «Канело» өз кезегінде қыркүйекте суперорта салмақтағы британдық WBO чемпионы Билли Джо Сондерспен (29-0, 14 КО) кездесуі керек.
Егер Головкин де, «Канело» да жеңсе, олардың трилогиясы желтоқсанда өтуі тиіс.