Мәжіліс сайлауына дауыс беруге барған Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Кәрім Мәсімовті учаскедегілер танымай қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Кәрім Мәсімов Нұр-Сұлтан қаласындағы ұлттық кітапханада ашылған №111 сайлау учаскесіне барған.
Видеодан медициналық бетперде таққан Мәсімовтің дауыс беру үшін кіріп келе жатқанын көруге болады. Сайлау учаскесіне жауаптылардың бірі азаматтың аты-жөнін сұрайды. Өзін таныстырғаннан кейін жауапты қызметкер Мәсімовті танып, күледі.
Тағы бір қызметкер "біз тәртіпті жақсы көреміз, тегіңізді айтыңызшы" дейді.
Айта кетейік, 10 желтоқсанда Қазақстанда мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Елдің басым бөлігінде сайлау учаскелері сағат 07:00-де ашылды. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, министрлер, сайлауға түсіп жатқан партия басшылары, облыстар мен мегаполис басшылары сайлауда дауыс берді.