14 там, 2020 сағат 22:01

Дәурен Елеусінов WBC титулы үшін айқас алдында салмақ өлшеуден өтті

Бұрын-соңды жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Дәурен Елеусінов (8-0-1, 7 КО) Мексикадағы титулдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

15 тамызда Гвадалахарда ол жергілікті боксшы Хуан Карлос Райгоспен (16-15-3, 6 КО) орта салмақта WBC International нұсқасы бойынша чемпиондық титул үшін айқасады.

Бұл жекпе-жек Алматы уақыты бойынша 16 тамыз күні таңертең болады. 

Елеусінов өзінің Instagram парақшасында салмақ өлшеу рәсімі сәтті өткенін жазып, бірнеше суреттерін жариялады.