Ақпарат және коммуникациялар министрі Д. Абаев өзінің Буэнос-Айрестегі жұмыс сапарында, Электр байланысын дамыту бойынша бүкіләлемдік конференция шеңберінде екіжақты кездесулер өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Министр 2017 жылғы 8 қазанда Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Х. Джаомен кездесті. Кездесуде Қазақстанның ауылдық елді мекендерін оптикалық-талшықты желілермен қамту мәселесі талқыланды.
Сонымен қатар, Д. Абаев Жапонияның Ішкі істер және коммуникациялар министрлігінің Үйлестіру және халықаралық байланыс жөніндегі Вице-министрі Масахиро Томинагамен кездесті. Екіжақты кездесу барысында ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым және интернеттегі заңсыз контентке қарсы тұру мәселелері талқыланды.