16 қаз, 2023 сағат 12:42

Дәулет Тұрлыханов жаңа қызметке сайланды

Фото: uww.asia

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыханов «Динамо» дене шынықтыру-спорт қоғамы төралқасына мүше болып сайланды.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

"Осы аптада тағы бір жақсы жаңалық орын алды. Астанада "ДИНАМО" СҚ-ның кезектен тыс Конференциясы өтіп, онда Президиумның жаңа құрамы мен осы спорт Қоғамының төрағасы сайланды.

Отырыс қорытындысы бойынша "Динамо" Қоғамының басшысы болып ҚР Ішкі істер Министрі Ержан Сәденов сайланды. Мен Президиумге отыру құрметіне ие болдым. Сондай-ақ, конференцияға қатысушылар Президиумға атақты суға жүзгіш, "Рио-2016" Олимпиадасының чемпионы Дмитрий Баландинді сайлады.

"Динамо" бір жылдан кейін өзінің 100 жылдық мерей тойын атап өтпек. Еліміздің көптеген даңқты спортшылары "Динамо" сапында ақ-көк түсті жейденің намысын қорғады. Бұл таңда "Динамо" қатарында болу үлкен абырой мен мәртебе болып табылатыны сөзсіз! Жиында әріптестеріме артылған сенім үшін үлкен алғысымды білдіріп, Қоғам жұмысына сәттілік тіледім!", - дейді Тұрлыханов.