Жеңілатлет Ольга Рыпакова Олимпиада ашылу салтанатында қазақтың ұлттық киімімен ту ұстап шығып, сұлулығымен жапон жұртын тәнті етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Twitter-де жапон қолданушылары оның суретін жариялап, таң-тамаша болып жатыр.
Nikkansports.com сайтының мәліметінше, желіде Ольга Рыпаковаға "Ойындар ханшайымы" деген ат беріліпті. Оған шыққан образы мен сүйемелденген әуен себеп болған. (Токио Олимпиадасының ашылу рәсімінде Final Fantasy тректері мен жапонның басқа да компьютерлік ойындарындағы әуендер ойнаған).
"Меніңше, әзірше ол ең әдемі туұстар".
"Аты-жөнін айтып жібере аласыздар ма? Сондай әсерлі".
"Ақ бетпердесі костюмге өзгеше сыр береді, ғажап сұлулық сыйлайды! Мұны ойластырған адам, - тамаша еңбек!"
"Мен бұл Зельда ханшайым екен деп ойладым" (The Legend of Zelda ойынындағы бас кейіпкерлердің бірі - ред.еск.)
"Қазақстанның туұстары ғажап. Диснейдің қай мультфильміненсіз?"
"Бұған дейін мұндай әдемі олимпиадалық костюм көрмеппін. Ханзада мен Ханшайым".
Vesti.kz сайтының мәліметінше, Қазақстан құрамасына костюмдер дайындауда және ұлттық ою-өрнектердің символикасы мен оларды қолдану дәстүрлері бойынша Әбілхан Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің сәндік-қолданбалы өнері жөніндегі ғылыми қызметкерлері кеңес берген.
"Бұл костюмдерге бірегей, заманауи және дәстүрлі деп бір сипаттама беруге болады. Бұл әккі шеберлер жасаған жоғары сән туындылары, мен оларға керемет жұмысы үшін алғыс айтамын", - деп келтіреді Рыпакованың сөзін olympic.kz.
Пошта маркасы, 2013 жыл
Ольга Рыпакова - ұзындыққа секіруден және үш қарғып секіруден азақстандық жеңілатлет. Лондон Олимпиадасының чемпионы (2012), Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері (2008) және Рио-де-Жанейро Олимпиадасының қола жүлдегері (2016).