Білім беру ұйымдарында цифрлы платформаларға қолжетімдік қамтамасыз етіледі.
Бұл туралы «Білім және ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбындағы педагогтердің Республикалық тамыз конференциясының пленарлық сессиясында ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Биылғы оқу жылында барша білім беру ұйымдарында цифрлы платформаларға қолжетімдік қамтамасыз етіледі. Біз қазір дәстүрлі форматқа көштік деп осыған дейінгі пайдаланылған платформаларды ұмытпауымыз керек. Олар мектептерде әрі қарай пайдаланылады. Сондықтан цифрлы платформалар үшін түсірілген, дайындалған сабақтарды пайдаланып, оқу процесіне енгізу өте маңызды», - деді Асхат Аймағамбетов.