#
#
Сейсенбі 24/11/2020

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы қашан табысталады

  • 29.10.2020
  • 0
  • 117

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Асхат Оралов «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы осы жылдың қараша айында табысталатынын мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өздеріңіз білетіндей, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы соңғы 20 жылдан бері беріліп келеді. Биылғы жылы бұл сыйлыққа өтінім көктемнен бастап қабылдана бастаған еді. Қабылдау 2020 жылдың тамыз айында аяқталды. Жаңа ғана осы сыйлықтың комиссиясының отырысы болып өтті. Үкімет қаулысымен бекітілген ережеге сәйкес «Дарын» сыйлығы 10 номинация бойынша беріледі», - деді Асхат Оралов онлайн режимде «Болашақ» қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Жастар және инновациялар» форумында. 

Оның айтуынша, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тапсыру салтанаты осы жылдың қараша айында – Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.

Еске сала кетсек, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы 2017 жылдан бастап жыл сайын беріліп келеді. Оның алдында бұл сыйлық 2 жылда бір рет тапсырылатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР