2021 жылғы 20 мамырда Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Байқау «Әдебиет», «Ғылым», «Дизайн және бейнелеу өнері», «Журналистика», «Классикалық музыка», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Театр және кино», «Эстрада», «Халық шығармашылығы» атты 10 номинация бойынша өтеді.
Сыйлық алуға Қазақстан Республикасының 29 жасқа дейінгі халықаралық және республикалық конкурстардың, фестивальдар мен түрлі шаралардың лауреаттары, республикалық және халықаралық деңгейлердегі спорттық жарыстардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары үміткер бола алады.
«Дарын» жастар сыйлығын алуға кандидатураларды ұсынуды мемлекеттiк органдар, шығармашылық ұйымдар қоғамдық бiрлестiктердің өкілдері жүргiзедi.
Ізденушілердің құжаттарын 2021 жылғы 10 тамызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі (қағаз нұсқасы) келесі мекенжай бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Мәнгілік ел даңғылы, 8, «Министрліктер үйі» ғимараты (14-кіреберіс), 8/7172/74-05-25, 8/7172/74-18-43 (8-701-170-46-54) және (электрондық нұсқа) premiya.daryn@gmail.com эл. пошта арқылы қабылдайды.
Толық ақпарат («Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын ұсыну қағидасы және т.б.) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ресми сайтындағы (qogam.gov.kz) «Жастар саясаты» бөлімінде қол жетімді.