Алматылықтар коронавирус инфекциясымен лайықты күресіп жатыр. Бұл туралы қытайлық маман Лу Чен айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалада қазір Қытайдан келген мамандардың қатысуымен онлайн тренинг басталды.
Онлайн кездесуден соң олар отандық дәрігерлерді вируспен күрес тәсіліне үйретті.
Дәрігерлердің бірі Лу Чен қазақстандық әріптестерінің еңбегін жоғары бағалады.
«Алматылықтар карантин уақытын талапқа сай өткізіп жатыр. Қала көшелері бос. Көп кәсіпорындар жұмысын тоқтатқан. Қазір әлемнің миллион тұрғыны бар барлық қалаларында осындай жағдай. Қазақстанға бұл инфекция сырттан келген. Сіздер тәсілі – неғұрлым ертерек оқшаулану, ертерек диагностика жасау», - деді Лу Чен.
Оның айтуынша, дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруы әлемнің барлық елінде болып жатыр.
«Бізде де дәрігерлер көп жұқтырған. Біз оларды қорғау шараларын нығайту үшін осында келдік. Сіздермен осы инфекция жайында барлық білгенімізбен бөлісетін боламыз», - деді Лу Чен.
Айта кету керек, бүгін Алматыға Қытайдан 10 маман Covid-19 күресу туралы білімімен бөлісуге келді. Делегация құрамында инфекционист, эпидемиолог, пульмонолог және басқа да мамандар бар.