27 нау, 2019 сағат 09:50

Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілерде аккаунттары жоқ - Сенат

Әлеуметтік желілерде ҚР Парламенті Сенатының  төрағасы Дариға Назарбаеваның аккаунттары жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұқаралық ақпарат құралдарының сауалдарына байланысты Сенаттың баспасөз қызметі Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде аккаунттары жоқ екенін хабарлайды. Сенат басшысы аккаунт ашқан жағдайда олар тексеріледі және ресми түрде хабарланатын болады» делінген хабарламада.