#
#
Жексенбі 09/08/2020

Дәрі-дәрмек бағасы бойынша қайда шағымдану керек?

  • 07.07.2020
  • 0
  • 196

Соңғы екі күнде Нұр-Сұлтан қаласында 15 дәрі-дәрмек алыпсатарлығы тіркелді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Дәрілік препараттар бойынша өте көп шағым түсуде. Мемлекет басшысының тапсырмасымен құқық қорғау органдарымен бірлесіп, алыпсатарлықтың жолын кесетін мобильді топ құрдық. Бұған дейін де азаматтарға айтқан едік, тағы қайталап айтайын, дәріханалардағы бағалардың шарықтауы бойынша 109 нөміріне хабарласу керек. Мобильді топ мәселенің мән-жайын анықтайды», - деді әкім Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, дәріханалармен бір қолға шектеулі түрде дәрі-дәрмек сату туралы уағдаластық орнаған.

«Парацетамол болмаса да, оның баламалары бар. Дәрілерді көптеп сатып алудың алдын алу үшін шектеулер енгізілді. Аурудан сақтану үшін үйіп-төгіп дәрі алатындар бар, бұл уақытта шын мұқтаж адамға дәрі қалмауы мүмкін. Бұл шешімді қалалық дәріханалармен және жеткізушілермен бірлесіп қабылдадық», - деді А.Көлгінов.

Арнайы мобильдік топ дәріханаларда тексеру жүргізіп, соңғы екі күнде 15 жағдайды тіркеген.

«Соңғы екі күнде ауқымды сұранысты пайдаланып, дәрі-дәрмекті алып-сатқан 15 жағдай тіркелді. Ол үшін 8 адам жауапқа тартылады. Оның біреуі заңға сәйкес жазаланды. Біз бұл мәселені бақылауға аламыз», - деді А.Көлгінов.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар