15 қаң, 2021 сағат 06:42

Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы ең үздік жекпе-жегін атады

Жартылай орта салмақ дәрежесіндегі қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) кәсіпқой мансабындағы үздік жекпе-жегі туралы айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Sports.kz порталына сілтеме жасап.

«Үздік жекпе-жегім ретінде соңғы айқасты (Джулиус Индонгоға қарсы – ред.) есептеймін. Ол титулдық 4 жекпе-жекке қатысқан әлемнің екі дүркін экс-чемпионы. Жасына қарамастан өте тәжірибелі және қауіпті боксшы», - деді Елеусінов Qazsport телеарнасына берген сұхбатында. 

Еске сала кетсек, Данияр Елеусінов 2020 жылдың қарашасында әлемнің экс-чемпионы, намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) нокаутқа жіберіп, IBF Inter-Continental вакантты белбеуін жеңіп алды.