#
#
Сейсенбі 01/12/2020

Даниал Ахметов ШҚО «қызыл аймақтан» қараша соңына дейін шығатынына сенімді

  • 20.11.2020
  • 0
  • 159

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов өңірде індет жұқтырудың тәуліктік деңгейі төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, қазіргі кезде Президент тапсырмасын жүзеге асыру бойынша қажетті шаралар атқарылып жатыр. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Қадағалау мақсатында күніне бірнеше мәрте штаб жиыны ұйымдастырылып отыр. 

Әкімнің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде өңірде аурухана орындарын пайдалану деңгейі 17 пайыз шамасында. 

Баспасөз мәслихатында облыс әкіміне екі апта ішінде коронавирус бойынша ахуалды тұрақтандыру туралы берілген тапсырма жөнінде сұрақ қойылды. 

«Бұл тұрғыда қойылған мақсат орындалатынына сенімдімін. Біз тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Осы орайда келтірілген деректер біздің дәрігерлер іс-қимылының нәтижелеріне және аудан әкімдіктері тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға сүйене отырып мәлім болды», - деді Д. Ахметов. 

Еске сала кетейік, қараша айының басында Шығыс Қазақстан облысы коронавирустың таралу қарқыны бойынша «қызыл аймаққа» кірді. 

Осы орайда Ведомствоаралық комиссияның отырысында Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында COVID-19 таралуына жол бермеу жөнінде бірқатар шешім қабылдады. 

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімдіктеріне он күндік мерзімде «қызыл аймақтан» шығу үшін түбегейлі шаралар қабылдау тапсырылды.

Теги: Қызы аймақ, Шығыс Қазақстан, коронавирус, карантин

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар