Қазақстандық жас әнші Данэлия Төлешованың тыңдарман көптен күткен клипі желіде жарияланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Әншінің PR-директоры Татьяна Синенко бейнебаянның Шәкен Айманов атындағы киностудияда түсірілгенін және оның қазан айында дайын болғанын мәлім етті. Алайда әнші мен оның режиссерлік тобы клипті жариялауды кешіктіре тұрғанды жөн көрген.
«Біз кестеден сәл артта қалып, клипті жариялауды кешіктіріп алдық. Себебі, оны ерекше қылып шығарғымыз келді. Түсіру тобын таңдауда жолымыз болды, олар өз ісінің тәжірибелі мамандары екен. Әр тұсты мұқият қарап шықты: жарықтың дұрыс түсуі, дыбыс, жарық коррекциясы. Мен жұмысқа ризамын, көрерменге де ұнайды деп сенемін», - деді Данэлия Төлешова.
«Don’t Cha» - бұл жас әншінің алғашқы авторлық әні.
Клип Данэлия Төлешованың Youtube каналында жарияланды.