Түркия коронавирус инфекциясынан болатын өлімді азайта алмай отыр. Бір күнде Covid-19-дың асқынып кетуінен 290 адам қайтыс болды. Бұл - cоңғы төрт айда орын алған рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
30 сәуірде 394 өлім жағдайы тіркелді. Өткен күндері коронавирусты жұқтырудың тағы 23 946 жаңа жағдайы анықталды. Сондықтан ел билігі карантин шараларын қатаңдату туралы мәлімдеді – вакцинацияланбаған барлық азаматтар кинотеатрларға, тамақтану орындарына және басқа да қоғамдық орындарға барған кезде міндетті түрде коронавирусқа тест тапсыратын болады.
Оңтүстік Корея ең ірі америкалық фармацевтика концернінен коронавирусқа қарсы вакцинаның 1 миллионнан астам дозасын алды. Moderna препаратының 1,02 млн дозасы, Румыниядан сатып алынған Pfizer вакцинасының 526,5 мың дозасы бүгін Сеулге жеткізілді. Аптаның соңына дейін ел тағы 4,98 миллион доза вакцина алуы керек. Қазіргі уақытта Оңтүстік Корея үкіметі Covid-19 вакциналарының 193,4 миллион дозасын, соның ішінде AstraZeneca, Moderna, Janssen және Novavax вакциналарын жеткізуге келісім жасады.