29 қыр, 2020 сағат 13:06

COVID-19: Коронавирустан сақтандыру жүйесі әлемде қалай жолға қойылып жатыр?

Өткен жылдың желтоқсан айынан бастап тараған COVID-19 індеті әлемді әлі де әбігерге салып тұр. Бүгінге дейін пандемия 215 елді шарпып, 33 миллионнан астам адам ауруға шалдықты. 1 миллионнан астам адам көз жұмды. Пандемияға байланысты өмірді сақтандыру жөніндегі отандық және шетелдік компаниялар COVID-19 ауруынан сақтандырудың жаңа тетіктерін даярлап іске қосты. Осы ретте Freedom Finance Life компаниясы ашық мәліметтерді зерттей отырып, сақтандыру жүйелерінің түр-түрі қай елдерде қалай енгізілгеніне талдау жасады.

Қазақстаннан басқа АҚШ, Италия, Франция, Түркия, Литва, Украина, Ресей, Қытай және Қырғызстан елдерінде сақтандырудың өз ережелері жолға қойылған. Зерттеу барысында Freedom Finance Life - өмірді сақтандыру компаниясының мамандары Қазақстаннан басқа қай елдерде коронавирустан сақтандырылуға болатынын анықтады. 

АҚШ

Коронавирустан сақтандырудың нақты жаңаша тетігін америкалық компаниялар шығарған жоқ. Тек қолданыстағы жүйеге COVID-19 және пневмонияны сақтандыру жағдайы ретінде енгізген. 2020 жылдың сәуір айынан бастап, сақтандыру полисі бар азаматтар үшін емделу ол елде 21,9–38,7 мың долларға түседі. Одан басқа кеңес беруге 34 доллар алынатын телемедицина сервисі бар. Сақтандыру полисі жоқ адамдар үшін стационарда бір апта емделу құны – 73,3 мың доллар. 

Франция

Франциядағы сақтандырушылар федерациясы коронавирусты тұмауға және басқа жіті респираторлық ауруларға теңестіруді жөн деп шешкен. Клиенттер уақытша еңбек қабілеттілігінен айырылған кезде оларға сақтандыру бойынша төлем беріледі. 

Италия

Әлем елдерінің ішінде коронавирустың Италияға ауыр тигені белгілі. Міне сондықтан бұл елде мамандар COVID-19 ауруынан сақтандырудың бірқатар шарасын дайындады. Мысалы, танымал еуропалық сақтандыру компаниясы Generali корпоративті клиенттері үшін ШОБ және ірі корпорацияларды қолдау бағдарламасын іске қосты. Аталған бағдарлама бойынша, сақтандыру жағдайы туындаған кезде сақтандырылған азаматтарға ұзақ госпитализация барысында тәулігіне 100 еуро мөлшерінде төлем жүзеге асырылады. Сонымен қатар, емдеуден кейін клиентті қалпына келтіру үшін 3 000 еуро мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Коронавирустан сақтандыру полисі бүкіл Италиядағы әрбір компанияның 1 млн астам қызметкерлерінде бар екені белгілі. Сақтандырудан басқа, Generali пандемияға қарсы күресу үшін сомасы 100 млн еуроға дейін құрайтын Халықаралық төтенше қорын құрды. Аталған қаражаттың бір бөлігі, атап айтқанда 30 млн еуро ел тұрғындарына көмек беруге жұмсалған. 

Литва

2020 жылдың шілдесінде литвалық сақтандырушылар шетелге шығатын туристер үшін COVID-19 ауруынан сақтандыру тетігін іске қосты. Аталған бағдарламаға сәйкес, сақтандырылған адамның коронавирусқа шалдыққаны анықталатын болса, сақтандыру компаниялары оның барлық қажетті медициналық шығындарын өтейді. Ал тиісті жағдайларда, елге қайту шығындарын жабады. Алайда бұл ретте турист литвалық билік тыйым салған елге бармауы керек. Литва азаматы тыйым салынған елдерде коронавирус жұқтырса сақтандыру компаниясы оның алдында ешқанда міндеттемені орындамайды. 

Түркия

Түркияда маусым айында COVID-19 ауруынан сақтандыру тетігі елдегі барлық туристер үшін іске қосылды. Полис құны 13 - 23 еуро арасында. Ал төлемдері 2-7 мың еуро шамасында. 1 маусымнан бастап полисті Түркияның барлық әуе компаниялары мен әуежайларында онлайн ресімдеуге жол ашылды.  

Украина

Украинаны коронавирус шарпыған кезде аталған сақтандыру түріне сұраныс бірден өсті. 2020 жылдың сәуір айында 10-ға жуық компания COVID-19 ауруынан сақтандыру тетігін іске қосты. Әр компанияның бағасы әртүрлі – бір полиске 100-1 500 гривеньге дейін болса, сақтандыру төлемдері 10 000-120 000 гривень аралығында болды. 

Ресей

Коронавирустан сақтандыру Ресейде 2020 жылдың наурыз айының басында пайда болды. Бір жылға жасалатын шартты ережелерге сәйкес, сақтандыру ресімделген күннен үш күннен кейін күшіне енеді. COVID-19 ауруынан сақтандыру құны - 2 500 немесе 10 мың рубль арасында. Диагнозы анықталған жағдайда төлемдері 20 мың, 50 мың немесе 100 мың рубль мөлшерінде беріледі. 

Қытай

Қытайда осыдан 20 жыл бұрын ел азаматтарының үштен бір бөлігі ғана медициналық сақтандыруға қол жеткізген еді. Алайда қазіргі таңда бұл елде іс жүзінде бүкіл халық сақтандырылған. Атап айтқанда, табысына, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан әр азамат медициналық қызмет алуға толық құқылы. Коронавирус пайда болғаннан бастап, Қытай үкіметі сырқаттанған адамдардың бәрін тегін емдейтінін мәлімдеді. Бұл шаралар, тұрғындарды медициналық көмек алуға уақтылы жүгінуге ынталандырып, аурудың тарау қаупі төмендеді. 

Қырғыз Республикасы

Көршілес қырғыз елінде жергілікті сақтандырушылардың шарттарына сәйкес, коронавирустан жасы алпысқа дейінгі азаматтар - 180 күндік мерзімге сақтандырылуы мүмкін. Полис құны таңдалған бағдарламаға тәуелді - 2 000 сомнан 5 000 сомға дейінгі ақшаны құрайды. Стационарда емделудің әрбір күні 1 000 сомнан 2 500 сомға дейін шығады. 

Қазақстан

Коронавирустан жаппай сақтандыру елде 2020 жылдың сәуірінде басталды. Маусым айында Corona Protect бағдарламасы бойынша Freedom Finance Life өмірді сақтандыру компаниясы бастапқы сақтандыру төлемдерін жүзеге асыра бастады. 

Ауруханаға жатып емделу кезінде қазақстандықтар дене қызуының 39-дан түспеуі, жөтел, қалтырау, тыныс алу қиындығы секілді симптомдардың барын айтып жатты. Аталған бағдарлама бойынша ең көп сақтандыру төлемдері Алматы қаласында жүзеге асырылды. Келесі кезекте төлемдер атқару тізімінде – Ақтау қаласы. Freedom Finance Life компаниясында төлем алған әрі сақтандырылған азаматтардың орташа жасы – 30-50 жас. 

Қазіргі уақытта Corona Protect бағдарламасы бойынша 5 мыңнан астам жеке және заңды тұлғалар полис ресімдеген. Соның ішінде 42% ерлер және 58% әйелдер құрайды. 

Еске саламыз, Corona Protect сақтандыру полисі 6 ай бойы бүкіл әлемде қолданады. Оның ережелеріне сәйкес, емханаға жатқызылған кезде, қаржылық көмек алуға болады. Ал сақтандырылған қайтыс болған жағдайда, төлемді мұрагерлеріне тиеді. Таңдалған пакетке сәйкес, сақтандыру құны 4 900 теңгеден 24 500 теңгеге дейінгі аралықта болады. Ал төлемдері - 100 мың теңгеден 5 млн теңгеге дейінгі сома. Жасы 2-ге толған және 60-тан аспаған қазақстандықтардың сақтандырылуы мүмкін. Сақтандыруды компанияның сайтында немесе SMS арқылы жүзеге асыруға болады.

ҚазАқпарат