Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты жасап шығарған екпені ресми түрде клиникалық сынақтарға жіберілген вакциналар тізіміне қосты. Бұл тізімге 19 елдің 33 вакцинасы енді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ДСҰ сайтына сілтеме жасап.
Деактивацияланған вирусы бар Қазақстан вакцинасы клиникалық сынақтың 1/2 кезеңінде тұрғанын кестеден көруге болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне Ұлыбритания, Қытай, Ресей, АҚШ, Германия, Жапония, Үндістан, Оңтүстік Корея, Бельгия, Швеция, Сингапур, Италия, Аустралия, Тайвань, Куба, Франция, Аустрия және Канада секілді елдердің компаниялары немесе зерттеу институттары жасап шығарған 33 вакцина кірген.