11 қар, 2020 сағат 08:47

COVID-19: Бразилия қытайлық вакцинаны сынақтан өткізуді тоқтатты

Британ билігі желтоқсанда жаппай вакциналауды бастауды жоспарлап отыр, оған 150 млн фунт қаражат бөлмек, Бразилия қытайлық вакцинаны сынақтан өткізуді тоқтатты, Ливанда қайтадан локдаун енгізілуде, даниялық билік барлық күзенді жоюды талап етуге құқығы жоқ екенін мойындады. Бұл туралы ВВС агенттігі хабарлады.

Британ билігі ел тұрғындарын жаппай вациналауға емханаларға 150 млн фунт қаржы (200 млн АҚШ долларына жуық) бөледі. Ол желтоқсан айында басталуы мүмкін. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі Мэтт Хэнкок хабарлады. 

Бір күн бұрын, алдын ала нәтижелерге сәйкес, Pfizer және BioNTech компаниялары жасаған вакцина коронавирустан 90% қорғайтыны белгілі болды. Бұл – тестілеудің соңғы кезеңіндегі 11 вакцинаның бірі. Ұлыбритания осы вакцинаның 40 миллион дозасына тапсырыс берді.

Министр ВВС-ге берген сұхбатында вакцинация ең алдымен қарттар үйінде болатынын, сондай-ақ осы мақсатта спорт залдары сияқты ірі орталықтар мен демалыссыз жұмыс істейтін емханалар қолданылатынын айтты. 

Бразилия билігі қытайлық Coronavac вакцинасын клиникалық сынақтан өткізуді тоқтатты. Мұны еріктілердегі ауыр жанама әсерлердің болуымен түсіндірді. 

Сенбіде Ливанда екі аптаға жаңа локдаун енгізілді, оның көмегімен билік коронавирустың таралуын тоқтатады деп үміттенеді. Ливан Үкіметі басшысының айтуынша, ел қауіпті жолаққа жақындады. Ел тұрғындарына үндеу кезінде премьер-министрдің міндетін атқарушы Хасан Диаб «Жеке және мемлекеттік ауруханалар енді ауыр науқастарды қабылдай алмайды», - деді. 

Пандемия басталғаннан бері елде 95 мыңнан астам коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелді, 732 адам қайтыс болды. 

Дания билігі қаракүзендерде коронавирустың мутациялық штаммы анықталғанымен фермалардағы барлық қаракүзенді жаппай қырып-жою туралы өкім беруге заңды негіздері жоқ екенін мойындады.

Фермерлер бұл жануарларда ауру жұқтырудың алғашқы жағдайлары анықталғаннан кейін қазан айының соңында қаракүзендерді жоюды бастаған болатын. 

Дания қаракүзен терісін өңдеуші ірі мемлекеттердің бірі.

Италияда коронавирустың таралуына байланысты тағы төрт аймаққа «қызғылт сары» немесе «қызыл» мәртебе берілуі мүмкін. Бұл Кампания, Эмилия-Романья, Венето және Фриули-Венеция-Джулия. Тоскана, Умбрия, Базиликата, Лигурия және Абруццо «қызғылт сары» мәртебеге ие болады. Сәрсенбіден бастап мейрамханалар толығымен жабылады, ал аймақтардың тұрғындары өздері тұратын қаладан кете алмайды.

Билік бүкіл ел бойынша локдаунды енгізу мүмкіндігін талқылауда және бұл туралы шешім 15 қарашада қабылдануы мүмкін. Сейсенбіде Италияда 35 мыңнан астам коронавирус жұқтырудың жаңа жағдайы анықталды, 580 адам қайтыс болған.