25 жел, 2020 сағат 07:15

COVID-19: Австрияда үшінші рет локдаун енгізіледі

Австрия курорттарын ашты. 24 желтоқсан бір күнге 400-ден астам тау шаңғысы базасы ашылды. Екі күннен кейін елде үшінші локдаун басталады, деп хабарлайды ВСС агенттігі.

Үкімет желтоқсан айының басында курорттарды бір күнге ашу туралы шешім қабылдаған болатын және жаңа шектеулер енгізілгеннен кейін де одан бас тартпады. Билік мұны адамдардың ашық аспан астында шаңғымен сырғанайтындығымен түсіндірді. Егер қажетті сақтық шаралары сақталса, жұқтыру қаупі болмайды. 

Қонақүйлер, барлар мен мейрамханалар жабық. Локдаун кезінде көптеген дүкендер мен қызмет көрсету саласы да жабылады. 

«Бұл – алғашқы қадам және біз инфекция деңгейі төмендеген кезде оларды толықтай ашамыз деп үміттенеміз», – деді курорт туризмінің басшысы Ишгль Андреас Штайбл Франс-Пресске берген сұхбатында.

Наурыз айында бұл курортта мыңдаған шетелдік туристер коронавирус жұқтырған болатын.