Жұма күні тәртіпсіздікке ұласқан наразылық кезінде Чили астанасындағы Педро де Вальдивия атындағы университеттің ғимараты өртенді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" 24 Horas телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның эфирінде оқу орнының тұтастай отқа оранған сәті көрсетілген. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жалынмен арпалысып жатыр. Олардың мәліметтеріне қарағанда, оқу орнын қасақана өртеген.
Жекеменшік университет кезекті мыңдаған адам манифестациясы өтіп жатқан Бакедано алаңына жақын маңда орналасқан.
Акцияға қатысушылар әлеуметтік әділетсіздікке және қазіргі үкіметтің саясатына қарсылықтарын білдіруде.