09 қыр, 2020 сағат 12:21

Чехияда пойыздар соқтығысып, 20 адам зардап шекті

Чехияның Кдин қаласындағы теміржол станциясында жолаушылар пойызы техникалық құраммен соқтығысып қалды. Кем дегенде 20 адам зардап шекті, деп жазады Hospodářských басылымы.

Чехияның Irozhlas.cz жаңалықтар порталының хабарлауынша, оқиға 9 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша 7.15-те орын алған. Қолда бар ақпаратқа қарағанда, жолаушылар пойызымен локомотивтен және бір вагоннан тұратын теміржол диагностикалық кешені соқтығысқан. Бір адам ауыр жарақат алды. Жолаушылар пойызында бірнеше адам қамалып қалған. 

Апат орнында құтқару қызметтері жұмыс жасап жатыр.

Оқиғаның себебі анықталуда.