25 мау, 2021 сағат 08:58

Чехияда қатты құйын соғып, 300-ге жуық адам зардап шекті


Чехияның оңтүстік-шығысында Словакия мен Австрияның шекарасына жақын жерде қатты торнадо болып, бірнеше елді мекендегі үйлер қирап қалды. Табиғи апаттан кем дегенде 300-ге жуық адам зардап шекті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" BBC-ге сілтеме жасап.

Оқиға болған аумақта құтқарушылар зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетіп, үйінділер асынан адамдарды іздестіруде. 

Зардап шеккен аудандарда төтенше жағдай жарияланды.

«267-322 км/сағ. жылдамдықпен соққан жел Чехияның Годонин қаласының бір бөлігі мен жақын маңдағы ауылдар – Лужице, Грушки, Моравска Нова Вес және Микулчиценді қиратқан. Өкінішке орай, құрбандар бар екенін растаймыз, алайда олардың нақты санын атай алмаймын», - деді журналистерге жедел жәрдем қызметінің өкілі Гедвик Кропачков.

Чехияның ІІМ мен Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне қарағанда, 300-ге жуық адам зардап шеккен.

Желіде тараған ақпараттарға қарағанда, кейбір ауыл үйлерінің шатыры ұшқан, жел автокөліктерді аударып, ағаштарды тамырымен жұлып әкеткен. Ғимараттарға 10 сантиметрлік бұршақ жауған.

Чехияда барлығы 120 мың үй электр жарықсыз қалған.