Cаясаттағы әйелдердің үлесі бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 193 елдің ішінде 104-орынды иеленді. Бұл туралы www.energyprom.kz сайты хабарлады.
Қазақстандағы саяси тепе-теңдікті бағалау 22 балды құрады. Мемлекетке берілуі мүмкін ең төменгі баға — 0, ең жоғарғысы — 100 (бұл елдегі саяси маңызды лауазымдардың 50%-ы әйелдерде дегенді білдіреді).
Саяси тепе-теңдікті бағалау әйелдердің билікте болу фактісін, яғни әйелдердің ықпалы мен саяси қалауын емес, сандық қатысуын ғана ескереді.
Барлық қатысушы елдер арасында ағымдағы жылдың басында 21 ғана 50 және одан да көп балл жинады. Сондай-ақ жыл басында қарастырылып отырған 22 елдің ішінде мемлекет немесе парламент басшысы әйел болған. Анықтама үшін: 1946 жылдан бергі кезеңде әйелдер рейтингке қатысушы барлық елдердің тек 68-інде ғана мемлекет немесе үкімет басында болды.
Рейтингті Коста-Рика, Руанда, Исландия, Швеция және Финляндия бастап тұр. ЕАЭО елдері арасында Қазақстан Беларуське ғана жол берді (әлемде 49-орын, бағалау - 38), сонымен қатар елдің позициясы Армения, Қырғызстан және Ресейге қарағанда жоғары болды.
Елімізде өңірлердің 17 әкімі арасында тек Қызылорда облысын ғана әйел басқарады. 17 министрліктің ішінде әйелдер тек мәдениет және спорт министрлігі мен Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің басында тұр.
Соңғы деректер бойынша (2019 жылы) ел бойынша басшылық лауазымдардағы әйелдердің үлесі орта есеппен 43%-ды құрады, бұл бір жыл бұрынғы 41,2%-ға қарағанда көбірек. Еліміздің 17 өңірінің ішінде басшы әйелдердің үлесі елордада ғана 50%-дан асты. ТОП-3 өңірге Алматы мен Павлодар облысы да кірді. Басшылық лауазымдардағы әйелдердің ең азы Ақтөбе облысында жұмыспен қамтылды (барлығы 27,3%).