БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишинг шабуылдарға ұшырады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«БЖЗҚ салымшылары алаяқтардың фишинг шабуылдарға ұшырағаны туралы хабарлай бастады. Алаяқтар жіберетін хаттарда белсенділігі күдік тудыратын сайттарға сілтеме тіркеліп, зейнетақы жинақтарын мақсатты пайдалануға рұқсат берілгендігі айтылады.
БЖЗҚ «Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дағы (қазіргі «Отбасы банкі» АҚ) арнайы шотқа аудару туралы» деген мазмұнға ие жіберілімдер жасамайтынын ресми түрде мәлімдейді», делінген хабарламада.
Қор бейтаныс сайттарға күдікті сілтемелер бойынша өтпеу туралы ұсыным жасап, қатаң ескертеді.
«Ақпаратты тек БЖЗҚ-ның ресми сайтында және уәкілетті операторлар болып есептелетін банктердің интернет ресурстарында тексеру қажет.
Айта кетерлігі, фишинг – пайдаланушылардың құпия деректері — логин мен парольге қол жеткізу үшін жасалатын интернет алаяқтың бір түрі.