Ауа райының бұзылуына байланысты синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ескерту жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидрометке сілтеме жасап.
1 тамыз күндіз Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 36°С аптап ыстық күтіледі.
1 тамызда Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан және батыстан соққан желдің екпіні түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде - 15-20м/с, кей жерлерде 25 м/с жетеді. Таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, дауыл тұрады. Күндіз 42 градус аптап ыстық болады.
1 тамызда Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел қарқыны түнде кей жерлерде - 15-20 м/с, күндіз - 15-20 м/с, екпіні - 23 м/с дейін күшейеді.
Қостанай қаласында таңертең және күндіз күн күркірейді. Оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады. Жел екпіні - 15-20 м/с.
1 тамызда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұрмақ. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20, кей жерлерде 23-28 м/с күтіледі.
Орал қаласында 1 тамызда найзағай ойнап, солтүстік-батыстан екпіні 18 м/с жел соғады.
Сонымен қатар, 1 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, бұршақ жауады. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман түспек. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз - 15-20, кей жерлердегі екпіні - 23-28 м/с.
Петропавл қаласында 1 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.