#
#
Cәрсенбі 23/09/2020

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы Үміт эстафетасын бастады

  • 09.08.2020
  • 0
  • 97

Бүкіләлемдік таеквондо федерациясы жанкүйерлер мен спортшыларды «Таеквондо үміті» эстафетасына қатысуға шақырды. Онлайн-кампанияның басты мақсаты – коронавирус індеті кезінде адамдардың үмітін ояту, деп хабарлайды оlympic.kz.

Аталған идея Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының көрсетілім командасына тиесілі. Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының президенті Чхунвон Чоу да эстафетаға қатысады. Ол «COVID» атауы жазылған ағаш тақтайды сындырмақшы. 

«Шын мәнінде, бұл бәріміз үшін қиын кезең. Біз үйде жаттығудамыз. Десе де, біз бәріміз бір жанұямыз. Қауіпсіздікті сақтап, мықты қалыптан танбаңыздар. Жақын арада көрісеміз», - дейді президент. 
Эстафетаға кез келген адам қатыса алады. Өз видеоңызды Facebook және Instagram немесе электронды почта арқылы жібере аласыздар. 

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар