02 қыр, 2021 сағат 13:38

Бүгінде 400 ақпараттық жүйе бар - Цифрлық даму министрлігі


Бүгін Мемлекет басшысы Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мемлекеттік қызметтердің 100 пайызын смартфон арқылы қолжетімді етуге мүмкіндік жасалатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мемлекеттік басқаруды цифрландыруға қатысты екі тапсырма берілді. Бұл Цифрлық трансформация орталығының (ЦТО) қызметін күшейтуге қатысты. Орталық қазірдің өзінде процестерді реинжинирингтеу бөлігінде нақты нәтижелер беріп жатыр. Егер қалай болғанын салыстыратын болсақ, онда нормативтік-құқықтық актілер мен заңдар негізінен алғышарттары болып, біз бар бизнес-процестерді цифрландырдық. Енді ЦТО ретсіздікті автоматтандырмау үшін процестерді қайта қарау бойынша жұмыс жүргізетін болады. Реинжиниринг арқылы өткен процестер платформалық модельде автоматтандырылатын болады. Платформалық модельге өтудің алғышарттары түсінікті», - деді Мусин. 

Оның айтуынша, бүгінде 400 ақпараттық жүйе бар. Алайда, біріктірулерге байланысты проблемалар туындайды. Бұл мемлекеттік қызметтерді электрондық алаңдарға шығаруға кедергі келтіреді. 

«Платформалық модельге өтудің жиынтығы ретінде data-driven government тұжырымдамасын іске асыру болады. Бұл мемлекеттік қызметтердің 100 пайызын смартфон арқылы қолжетімді етуге мүмкіндік береді», - деді министр.