11 шіл, 2019 сағат 15:12

Бүгін Витебскіде «Славян базары» байқауы ашылады

 

«Славян базары» XXVIII Халықаралық өнер фестивалі салтанатты түрде бүгін Жазғы амфитеатрда ашылады, деп хабарлайды БЕЛТА.

Фестивальдің ашылуында халықаралық байқауға қатысушылар дабылшылармен бірге Бостандық алаңынан Жеңіс алаңына дейін жүріп өтеді. Түсте байқау басталады. Сондай-ақ, Жазғы амфитеатр маңында Лауреаттар алаңында жаңа жұлдыз жағылады - мұнда Беларусь Республикасы Президентінің арнайы марапаты Таисия Повалийге табыс етіледі. Әрі қарай «Витебск-2018» XVII халықаралық балалар музыкалық конкурсының марапаттау рәсіміне жалғасады.

Кешке Бас жүлде иегері Жазғы амфитеатр сахнасына шығып, өз өнерін көрсетеді. Сондай-ақ, бағдарламаға танымал әртістер мен жаңа есімдер қатысады: Валерий Леонтьев, Тамара Гвердцители, Стас Михайлов, Варвара, Татьяна Буланова, Александр Панайотов; Анатолий Ярмоленко мен "Сябры" ансамблі, Ядвига Поплавская, Руслан Алехно, «Песняры» ансамблі, Беларусь Президенті оркестрі, Алессандро Сафина, Таисия Повалий, Боссон және басқалар.

«Славян базары» XXVIII Халықаралық өнер фестивалі 11-15 маусым аралығында өтеді.