19 қар, 2016 сағат 10:13

Бүгін Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді

- Лас-Вегаста 19 қарашада Астана уақытымен 20 қарашаға қараған күні Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

АҚШ-та орта салмақтағы ресейлік боксшы Сергей Ковалев (30-0-1, 26 КО) пен америкалық Андре Уорд (30-0, 15 КО) жекпе-жек кеші өтетіні туралы осыған дейін айтқан болатынбыз. Осы бокс кеші аясында қазақтың қарадомалақ ұлы Мейірім Нұрсұлтанов өзінің кәсіби рингтегі алғашқы айқасын өткізеді.

Мейірім осыған дейін «Астана арландары» командасының сапында өнер көрсетіп, біраз тәжірибе жинақтаған. Ол биыл бір жола кәсіпқой боксқа ауысты.  Оның қарсыласы - АҚШ өкілі Генри Бекфорд.