13 қаңтарда атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде циклонның ықпалы сақталады, соған байланысты кей жерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазгидромет сайтына сілтеме жасап.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, түнде және таңертең кей жерде желдің күшеюі 15-20 м/с, түнде Ақмола облысында бұрқасын күтіледі. Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерде тұман күтіледі. Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерінде желдің екпіні 15-20 м/с, тұман, Жамбыл облысында көктайғақ, бұрқасын күтіледі.
Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Қостанай, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде де тұман түсуі мүмкін.