14 тамыз күні Қазақстанның үш өңірінде дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" баспасөз қызметі.
Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бүгін күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркіреп, оңтүстік-батыс және батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтөбе қаласында күндіз күн күркіреп, батыстан соққан желдің екпіні 17 м/с болады. Дауылдың ықтималдығы – 65-70 %.
Қызылорда облысында да дауылдың ықтималдығы өте жоғары – 95-100%. Сейсенбі-бейсенбі аралығында жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.
Сондай-ақ, Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркіреп, оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді.