Қазақстанның ауа райын бүгін де антициклон анықтайды. Соның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, жаяу бұрқасын болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел тұрады – 18-23, екпіні 30 м/с-тен асады.
Жамбыл, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с жетеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман түседі.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, 15-20 м/с жел соғады.
Атырау, Ақтөбе облыстарында түнде кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.
Алматы облысында өте қатты аяз, Жамбыл облысында қатты аяз, кей жерлерде өте қатты аяз, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде өте қатты аяз болады.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде қатты аяз болады.