14 ақп, 2018 сағат 08:44

Бүгін еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады

Қазгидромет 14 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Оңтүстік циклонның өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде қар жауады, оңтүстікте кей жерлерде қатты, желдің күшеюі күтіледі.

Кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақтан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23-30 м/с дейін күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының  кей жерлерінде тұман болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді.