Сәрсенбі, 21 ақпан күні метеожағдайлар Қазақстанның 9 қаласында атмосфераның нашарлауына әсер етеді, деп хабарлайды «Ұлт Ақпарат» «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Алматы, Астана, Балқаш, Теміртау, Қарағанды, Ақсу, Екібастұз, Павлодар, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Петропавл, Тараз, Шымкент және Талдықорған қалаларында ауаға ластаушы заттар таралады.
Сонымен бірге, Ақтөбе, Ақтау, Жаңаөзен, Астана, Атырау, Ақсай, Орал және Өскемен, Талдықорған қалаларында атмосферада ластаушы заттар жинақталады деп күтілуде.
Ауаның ластануына болжам жасауда атмосферадағы зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін метеофакторлар (тыныш, баяу жел, тұман, инверсия) ескеріледі. Бұл жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлап кетеді.
Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап «Қазгидромет» РМК-ның www.kazhydromet.kz сайтында алдағы тәулікке арналған қолайсыз метеорологиялық жағдайларға арналған болжамдар жарияланып тұрады.