17 сәу, 2020 сағат 18:34

Бүгін Алматы облысында коронавирус анықталғандар арасында 3 жасар бала бар

Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 8 адамға артты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іле аудандық ауруханасының фильтріне жүгінген аталған ауданының 3 тұрғынының кеудесі рентгенге түсіріліп, олардан өкпе қабынуы анықталған. 1985, 1971 және 1967 жылы туған бұл азаматтармен 23 адам байланыста болған. Олардың бәрі оқшауландырылды. 

Ал Кербұлақ ауданында COVID-19 инфекциясын жұқтырған 5 адам тіркелді. Олардың ең үлкені 35 жаста, ең кішісі - 3 жасар бала. Сырқаттармен байланыста болған 38 адам карантинге алынды. 

Айта кетейік, 17 сәуірдегі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша Алматы облысында коронавируспен ауырғандар саны 37-ге жетті.