Жексенбі күні Бельгия астанасында жергілікті полиция коронавируспен күрес бойынша шараларға қарсы митинг өткізбек болғандарды ұстады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Биліктің тыйым салғанына қарамастан, жексенбі күні таңертең Бельгияның бірнеше жүз тұрғыны ел астанасының орталығында, сондай-ақ Брюссельдің көрікті жерлерінің бірі «Атомиумда» жиналды.
Акцияға қатысушылар арасында Бельгияның валлондық және фламандиялық футбол клубтарының жанкүйерлері болды.
Заңсыз митингті таратуға Брюссель полициясының күштері тартылды. Нәтижесінде 488 адам қамауға алынды. Алайда, ұсталғандардың көпшілігі жергілікті уақыт бойынша 15:00-ден кейін босатылды.
Тәртіп сақшылары жекелеген наразылық білдірушілерден пышақ және басқа да қауіпті құралдарды тәркілегені туралы хабарлады.
Қарсылықты ұйымдастырушыларға қатысты заңды шаралар қабылданбақ.